Павлодар ауданында құрылысты аяқтау үшін мердігер ауыстырылды
Жұмыстарды екі жарым ай ішінде аяқтау көзделуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
18 қараша күні Жол картасына кіретін объектілердің іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында «AMANAT» партиясының облыстық филиалының базасында жұмыс кеңесі өтті.
Талқылауға Павлодар ауданының жергілікті атқарушы органдарының, жаңа мердігерлік ұйымның және техникалық қадағалаудың өкілдері, сондай-ақ облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттары қатысты.
– Кеңесте құрылыс жұмыстарының сапасын жақсартып, оларды белгіленген мерзімде аяқтау бойынша басты міндеттер қойылды. Бұған дейін 15 қыркүйек күні «Павлодар ауданының нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «АМАНАТ» құрылыс компаниясы» ЖШС арасындағы шарт біржақты тәртіппен бұзылды. Бұл шешім мердігердің өзінің шарттық міндеттемелерін орындамағанына байланысты қабылданды, – деді «AMANAT» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметінде.
Құрылысты аяқтау үшін жаңа конкурс жарияланды, оның қорытындысы бойынша «STORY ORT» ЖШС мердігерлік ұйымы жеңімпаз атанды. Қазіргі уақытта компаниямен жалпы құны 178 миллион 857 мың 108,42 теңге болатын құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға арналған шартқа қол қою сатысында тұр. Жұмыстардың басталуы жақын арада, құрылыстың басталуына МСҚБ талонын алғаннан кейін бірден жоспарланған. Жұмыстарды 2,5 ай ішінде аяқтау көзделіп отыр.