Аққулы ауданының он шағын ауылында жаңа алаңдар орнатылады
Жұмыстар облыс бюджетінен берілген бонустық трансферт есебінен жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Тілектес ауылының клубында облыс әкімі Асайын Байхановтың Аққулы ауданының тұрғындарымен тұрақты кездесуі өтті. Аймақ басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен келесі жылдың жоспарларымен бөлісті.
– Жыл бойы жергілікті халықтан 400-ге жуық әртүрлі сауал мен өтініш түсті. Оның басым бөлігі шешімін тапты. Жалпы Аққулы ауданының әлеуметтік экономикалық әлеуеті артып келеді. Тартылған инвестициялар көлемі 10 миллиард теңгеден асты,– деді аймақ басшысы.
Оның сөзінше, биыл суармалы жерлерінің көлемі 7 мың гектарға дейін ұлғайды. Алғаш рет «Агросервис» ЖШС 400 гектар алқапқа соя егілді.
– Мемлекет басшысының «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қарақала ауылының Айгөлек балабақшасы мен төрт көшесі жөнделді. Биыл аудан бойынша 29 миллион теңгеге алты мектептің қазандықтары ауыстырылды. Келесі жылы Шарбақты ауылындағы мектепке күрделі жөндеу жоспарлануда, – деді Асайын Байханов.
Облыс бюджетінің берілген бонустық трансферт есебінен Қызылқоғам, Әйтей, Жабағылы, Қосағаш, Тақыр, Шәмші, Бесқарағай, Майқарағай, Шақа, Қазантай ауылдарында шағын футбол және балалар ойын алаңдары орнатылады.
– Келесі жылы Қазы, Ямышев, Жамбыл, Жаңатаң, Әйтей ауылдарында көшелерінде электр жүйелерін жаңарту және Шарбақты, Төсағаш ауылдарында трансформаторлық станциялары орнатылады, – деді облыс әкімі.
Асайын Байхановтың сөзінше, халықтың сұранысында көше жолдарын жөндеу басым болып табылады. Облыстық қаражат есебінен Аққулы, Қазы, Майқарағай, Қарақала, Қазы Баймолдин, Қызылқоғам, Төсағаш, Мерғалым, Шарбақты, Малыбай ауылдарының жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал келесі жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Шарбақты, Әйтей, Жаңатаң, Төсағаш, Жамбыл ауылдарының кіреберіс жолдарын және Аққулы–Қазы–Майқарағай жол учаскесін асфальттау жоспарда бар.