ERG Service шығаратын өнім түрлері мен жеткізілім географиясын кеңейтті
Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы «ERG Service» ЖШС өз өнімдерін Ресей нарығына шығара бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Шынжыр табанды экскаваторларға арналған қосалқы бөлшектердің алғашқы легі тапсырыс берушіге жөнелтілген.
ERG Service сапасы өсімге ұмтылады. Компания бүгінде жаңа өнім түрлерін қарқынды меңгеріп жатыр. Солардың бірі – шынжыр табанды экскаватор тістеріне қажетті ілмек коронкалар. Бұл қосалқы бөлшек жоғары сұрыпты берік болаттан «ERG Service» ЖШС филиалы – жөндеу механикалық металл илемдеу зауытында құйылады. Шикізат екпінді жүктемелерге төзімді. Дайын бір коронканың салмағы – 55 кг. Құйылған коронкалар экскаватор дөңгелегіндегі тістерді қажалып, мүжілуден сақтап, тау-кен техникасының қызмет ету мерзімін ұзартады.
– Өнімнің алғашқы легін біз Екатеринбург қаласына, сондағы «Hitachi» техникасының ресми өкілі – ООО «Майнтек Машинери» компаниясына жолдадық, – деді «ERG Service» ЖШС бас директоры Сергей Перепечин. – Біз тапсырыстар портфелін ұлғайтып, жаңа нарыққа шығып жатырмыз. Сол нарықтағы шетелдік өнірушілермен бәсекеге түсетін болдық. Меніңше, бұл – керемет жетістік. Өйткені, өнім түрін ұлғайта отырып, сатылым нарығын да кеңейте аламыз.
Тұтынушылардың нақты шешіміне бағдарлана отырып, ERG Service компаниясы бірқатар жаңа өнімдердің өндірісін жолға қойды. Атап айтқанда: ұсатқышқа қажетті пышақтар, грейферлі шөміштер, шлак құятын ыдыс және тағы сол сияқты өнеркәсіпке қажет өнімдер.
2022 жылы кәсіпорын 10,5 мың тонна құйма өндіріс өнімін шығарған. ERG Service металлургтері биыл бұл көрсеткішті 10% ұлғайтуды көздеп отыр.
ERG қазіргі қолданыстағы санкциялық тәртіпті, экспорттық қадағалау ережелері мен реттеу талаптарын сақтайды.