«Заң мен тәртіп»: Павлодарда жол ережесін бұзушылар жауапкершілікке тартылуда

«Заң мен тәртіп»: Павлодарда жол ережесін бұзушылар жауапкершілікке тартылуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олардың қатарында әйелдер де бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Академик Сәтбаев пен Лермонтов көшелерінің қиылысында Kia Sportage автокөлігінің жүргізушісі «Жолақтар бойынша қозғалыс» жол белгісінің талаптарын бұзғаны бейнеленген бейнежазбаны анықтады.

– Полицейлер құқық бұзушының жеке басын жедел анықтады. Жол белгілері немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалар талаптарын сақтамағаны үшін әйел жүргізушіге қатысты әкімшілік материал толтырылды, – дейді Павлодар облысы полиция департаментінде.

Тәртіп сақшылары жол белгілерінің талаптары мен жол қозғалысы қағидаларын сақтау – әрбір жүргізушінің міндеті екенін еске салады. Көлік тізгініндегі жауапты мінез-құлық – жол қозғалысына қатысушылардың барлығының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты.