Павлодар ауданында мас күйінде адамды қаққан жүргізуші сотталды
Жаяу жүргіншінің денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласының № 2 соты абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге алып келген, көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған ер адамға қатысты іс қаралды (ҚК 346-б. 3-б.). Ол бұрын көлікті масаң күйде басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған болатын.
Осыған қарамастан, 7 қыркүйекте ер адам алкогольдік масаң күйде тағы да мотоциклге отырған.
Кемеңгер ауылының маңындағы ауыларалық жолмен келе жатып, айыпталушы басқаруды жоғалтып, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккен жаяу жүргінші сол аяғының жабық сынығы, басы мен кеудесінен және дененің басқа бөлігінен жарақаттар алған.
Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттамалық дәлелдемелермен және сараптамалық қорытындылармен дәлелденді.
– Жасаған әрекетіне өкінуін және асырауында жас баласы бар екенін ескере отырып, ер адамға 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды,– деді қалалық № 2 сотының баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ, айыпталушы өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.