Павлодар облысында монополиске тарифті көтеруге рұқсат етілмеді

Павлодар облысында монополиске тарифті көтеруге рұқсат етілмеді
Фото: ӨКҚ

Табиғи монополияларды реттеу департаментінде азаматтар мен мемлекеттің мүддесі қорғалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментінің басшысы Нұрлан Нұрмұратов мәлім етті. 

– «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС бес жылдық кезеңге тарифті 149 пайызға көтеруге өтініш берді. Департамент тиісті талдау жүргіздік.  Біз тарифтерді бекітуден бас тарту туралы шешім қабылдадық. Соған байланысты 2021 жылғы тариф күшінде қалады,–деді Нұрлан Нұрмұратов.

«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында барлығы 12 миллиард теңгеге қосымша инвестиция тартылды. Бағдарламада тарифтерді көтерудің орнына инфрақұрылымды жаңарту қарастырылған.

– Тарифті белгілеуде күрделі жөндеу, жаңғырту және қайта құру шығындары ескеріледі. Олар уәкілетті органның, халық алдында есеп береді. Міндеттемелерді орындамаған жағдайда тиісті шешімдер қабылдаймыз,– дейді спикер.

«Павлодарэнерго» АҚ тарифтеріндегі өсім 197,8 теңгені құрайды. Одан кейінгі орында «Павлодар жылу желілері» ЖШС – 164,76 теңге. Ал «Павлодар-Водоканал» ЖШС қызметтерінің тарифтері 18 теңгеге өсті.⠀