Павлодар ауданында төрт бөлмелі үй мен монша толығымен жанып кетті

Павлодар ауданында төрт бөлмелі үй мен монша толығымен жанып кетті
Фото: облыстық ТЖД ұсынды

Өрт сөндірушілер лаулаған отты екі сағаттай сөндірген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 мамырда сағат 20: 35-те Кемеңгер кентінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

– Жеке тұрған, шпалдан жасалған, ешкім тұрмайтын төрт бөлмелі үй, моншасымен бірге толығымен өртеніп кетті. Өрттің жалпы ауданы 100 шаршы метрді құрайды,– деді департаментте.

Түнгі сағат 22:38-де өрт толығымен жойылды. Өртті сөндіруге ТЖД-ның 13 қызметкері, 5 техника, жергілікті атқарушы органннан 8 адам және 2 техника, сондай-ақ «102» қызметі тартылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.