Павлодарда бір гектар құрғақ шөп жанды

Павлодарда бір гектар құрғақ шөп жанды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өрт «Сосновый бор-2» бағбаншылығы жанында тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына сегіз қызметкер мен екі техника шықты.  

– Өрт туралы хабарлама сағат 14.40-та түсті. Қазіргі таңда өрт сөндірушілер  жалынмен арпалысуда, – дейді департаментте. 

Жалпы көлемі бір гектар аумақта құрғақ шөп өртенген. Сондай-ақ 20 метр аумақта ағаш қоршау және үш ағаш  шаруашылық құрылысы жануда.