Павлодар ауданында зейнеткер гигант қияр өсірді

Павлодар ауданында зейнеткер гигант қияр өсірді
Фото: Ольгинка ауылының әкімдігі

Екі көкөністің салмағы үш келіден асты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар ауданы Ольгинка ауылында «Үй жанындағы бақша» көрме-байқауы өтті. 84 жастағы ауыл тұрғыны Нина Кривич «Көкөніс» номинациясында жеңімпаз атанды. 

Оның жеке учаскесінде екі алып қияр өскен. Біреуінің салмағы –  1,8 килограмм, екіншісі –  1,4 келі.

– Бұл қияр маған қыс бойына жетеді! –  деп әзілдейді зейнеткер.

«Менің учаскемдегі жидектер мен жемістер» номинациясында 87 жастағы Екатерина Крисанова жүлдегер атанды. Ол қазылар алқасына өз учаскесінде өсірілген жемістер мен жидектердің тоғыз түрінен тұратын компот ұсынды.