Павлодар ауданында құрғақ шөптің жануы жойылды

Павлодар ауданында құрғақ шөптің жануы жойылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өрттің себебі анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 12 сәуір күні сағат 16:54-те Заринск ауылдық округінің аумағында құрғақ шөптің жануы туралы хабарлама келіп түскен.

Шақыру орнына дереу өрт сөндіру мамандары жіберілді. Олар Заринск ауылдық округінің аумағында және Павлодар ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесі аумағында құрғақ шөптің жануын жоюға жедел кірісті. 

Жоюға ТЖД, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, барлығы 23 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды.  Жалынды ауыздықтауға шамамен 20-30 минут жеткілікті болды.

Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда.