Үш миллион теңге қарыз: Павлодарлық борышкер Қарағандыда ұсталды

Үш миллион теңге қарыз: Павлодарлық борышкер Қарағандыда ұсталды

Жыл басынан бері 50-ден астам борышкер іздестірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері «борышкер» санаты бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген павлодарлықты ұстады. Сәуірде оған жеке тұлғаға келтірілген залалды өтеуден жалтарғаны үшін 3 030 000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

– Қазіргі уақытта ұсталған адам соттың одан әрі шешім қабылдауы үшін жеке сот орындаушысына берілді,– дейді департаментте. 

Айта кету керек, жыл басынан бері облыс аумағында 52 борышкер іздеуде болды, оның ішінде полиция қызметкерлері 30 борышкердің тұрғылықты жерін анықтады.