Павлодарлық трассада тонып қалған жолаушылар құтқарылды

Павлодарлық трассада тонып қалған жолаушылар құтқарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жүк көлігінің бөлшегі істен шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылорда-Павлодар республикалық автожолының учаскесінде қозғалтқыштың істен шығуына байланысты жүк көлігі тоқтап, жолда қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Департамент қызметкерлері жедел көмекке келіп, үш адамды жақын орналасқан жылыту пунктіне эвакуациялады. Адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

–    Құтқару қызметіне қоңырау шалдық. Жедел түрде келіп, бізді трассадан алып кетіп, қонақ үйге жеткізгені үшін оларға алғысымды білдіремін,– деді құтқарылған адамдардың бірі.

Құтқарушылар сапар алдында көліктің техникалық жағдайын тексерудің маңыздылығын еске салады.