Павлодар ауданының шағын ауылында жаңа мектеп ашылады

Павлодар ауданының шағын ауылында жаңа мектеп ашылады

Оны тәжірибелі мердігер салады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімінің Павлодар ауданына жұмыс сапары барысында Сычевка ауылының тұрғындарын жаңа мектептің құрылысының басталуымен құттықтады. Оны 1 қыркүйекке дейін ашу жоспарлануда. Мердігер "Құрылыс" бас-мердігерлік құрылыс басқармасы болды. Ол облыс орталығының "Сарыарқа" шағын ауданындағы Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-лицейді салған.

Облыста мұндағы мектептен басқа, Баянауылдағы Жаңажол және Железин ауданындағы Моисеевка ауылдарындағы мектептер де апатты жағдайда тұр, - деп атап өтті өңір басшысы Асайын Байханов. - Ел Президентінің қолдауының арқасында биыл облыс орталығында тағы екі мектеп бой көтереді.

Келесі жылы Павлодарда тағы бес жаңа білім беру мекемесі ашылады.

Қалалық мектептердің құрылысына республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. Ал облыстық бюджеттен босаған қаражатты ауыл мектептерінің құрылысына бағыттаймыз, - деді өңір басшысы. - Оқушы орындарының тапшылығы тек Павлодарда ғана бар.

Сычевкада салынатын мектеп бір ауысымда 100 орынға негізделген. Мұнда жеке кіреберіспен 20 орындық шағын орталық болады.

Ауылдағы ардагер-педагогтарының айтуынша, жаңа мектептің құрылысын тұрғындар көптен күткен. Жергілікті алма-матер шағын болғанымен көптеген оқушылар осыннан оқып, бітіріп, өмірде өз жолдарын тапқан. 

Біз үшін бұл қуанышты жаңалық. Қазіргі педагогикалық ұжымға қызыға қараймыз. Оларға жақсы жұмыс істеу үшін тамаша жағдай жасалған, - деді ардагерлер. 

Мектеп ғимараты екі қабатты болады. Бірінші қабатта әкімшілік, асхана, шеберхана, қыздар мен ұлдарға арналған жуынатын бөлмелер және киім ауыстыратын бөлмелері бар спортзалы болады. Екінші қабат оқу сыныптарына арналған. Бұдан бөлек, кітапхана мен акт залы болады.

Аулада шағын футболға, волейбол мен баскетбол ойнауға арналған спорт алаңы пайда болады. Жасанды жабыны бар бұл аумақтар қоршалып, жарықтандырылады. Ал шағын орталықтың өз ойын алаңы болады.

- Жер анықталды, жақын жерде су, электр қуаты, модульдік қазандық, бұдан өзге де барлық техникалық мәселелер пысықталды, - деп атап өтті облыс әкімі. - Қаржыландыруға қатысты сұрақтар жоқ.

Сычевкадағы жаңа мектеп пен шағын орталықтың құны 713 млн теңге.