Жұма күні Павлодар облысында тұман күтіледі

Жұма күні Павлодар облысында тұман күтіледі

21 сәуірде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, аздаған бұлт шығады. Оңтүстіктен жел соғады, күші 5-10 м/с құрайды. Түнде және таңертең тұман түседі. 

Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы болады.

22 сәуірге қараған түні метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың сейілуіне ықпал етеді. Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі төмен болады деп күтілуде.