Павлодар ауылының тұрғыны 12 жасар қызға тиісті деген күдікпен ұсталды
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 124-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Кәмелетке толмағандарды зорлау» бабы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, 7жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Бұл туралы облыстық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық полиция департаменті ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина айтты.
Бұл факт бойынша ҚР ҚК–нің 124-бабы бойынша құқық бұзушылық жуырда яғни 31 қазан күні солтүстік полиция бөлімінің кезекші бөлімінде тіркелді.
- 30 қазан күні сағат 12:00 шамасында Павлодар ауылының 32 жастағы тұрғыны ақпараттық жүйені пайдалану арқылы 12 жасар қызға қатысты зорлық-зомбылық қолданбай азғындық әрекеттер жасағаны анықталды, – деді Бибігүл Қамзина.
Күдікті ұсталды. Ол белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған қабылдағыш-дистрибьюторға орналастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, облыстық білім басқармасының жанынан Сенім телефондары жұмыс істейді: 1302, отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша "111 AMANAT" бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы; "баланы қорғау жедел желісі" call-орталығы 65 00 60.
Балаларға, жасөспірімдерге және олардың ата-аналарына қорқытудың, балаларға қатыгездіктің алдын алу мәселелері бойынша жедел желі жұмысы ұйымдастырылды. Айта кетелік, кәмелетке толмағандар құқықтарының бұзылуы туралы 8 701 0707 546 (WhatsApp) нөміріне жаза алады.