Павлодар облысында шілденің аяғы, тамыздың басы жаңбырлы болады
«Қазгидромет» РМК облыстық филиалы осы аптаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
30 шілдеде облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Сынап бағанасы түнде +10..+15, облыстың оңтүстігінде күндіз +22..+27 градус көрсетеді. Оңтүстік-батыс желінің екпіні секундына 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 метрді құрайды.
31 шілдеде облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +10...+15, облыстың оңтүстігінде күндіз +25..+30 градус ыстық болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 метрге дейін жетеді.
1 тамызда облыстың солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде +15.. .+20, күндіз +29+34 градусқа дейін көтеріледі.
2 тамызда облыстың солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +15..+20, күндіз +29...+34 ыстық болады.
3 тамызда жаңбыр жауып, облыстың батысында күн күркірейді. Түнде +17...+22, күндіз +29..+34, облыстың оңтүстігінде +37 ыстық болады. Солтүстік желінің екпіні 9-14, облыстың батысында секундына 15-20 метрді құрайды.
4 тамызда жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр күтіледі. Сынап бағанасы түнде +17..+22, күндіз +27...+32 градус болады.