Екібастұзда монша кешені жанды

Екібастұзда монша кешені жанды
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше,  2 маусым күні сағат 18-50-де 2-ші Оңтүстік-батыс көшесінде орналасқан монша кешенінің жанғаны туралы хабарлама түсті.   

Оқиға орнына келгенде ағаштан жасалған қаптама, жиһаз, терезе жақтаулары мен есіктердің жанып жатқаны анықталды. Тілсіз жау 20 шаршы метр ауданды шарпыған. 

Өрттің шығу себебі анықталуда. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Сағат 19.17-де оқшауланып, 19-27-де жойылды.