Павлодар монополистері тарифтерді өзгертуге мүдделі
«Инвестицияның орнына тариф» бағдарламасы инфрақұрылымды жаңарту арқылы тарифтерді арттыруды көздейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс орталығында «Павлодар жылу желілері» ЖШС және «Павлодарэнерго» АҚ кәсіпорындарының жөндеу жұмыстарын күшейту және жұмыскерлердің жалақысын арттыру бойынша өтініштерін талқылау бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті. Оған кез келген азамат қатыса алды - бұл туралы ақпарат Instagram желісінде алдын ала жарияланып, тыңдаулар Facebook желісінде көрсетілді.
«Павлодар жылу желілері» ЖШС бас директоры Марат Иманаев атап өткендей, монополист 400 шақырымнан астам ыстық су және 400 шақырымнан асатын жылу желілеріне қызмет көрсетеді. Құбырлар 89 процентке ескірген.
- 2023-2024 жылдарға қосымша 1,7 млрд теңге бөлінуде. ТК-134 және ТК-134/8 аралығында жылу желісі қайта жөнделеді. Екінші өте ірі іс-шара - диаметрін ұлғайту арқылы ТМ-20 жылу магистралін жөндеу. Ол ЖЭЦ-1 Қамзин көшесінде дейін жүргізіледі, - деді Марат Иманаев.
Оның айтуынша, «Павлодар жылу желілері» ЖШС жұмыскерлерінің жалақысы аталмыш саладағы басқа кәсіпорындармен бәсекелесе алмайды. Одан бөлек, статистика жөніндегі Ұлттық бюро мәліметтерінше, бұл саладағы өңіріміздегі орташа айлық жалақы 430 647 теңгеге тең, ал «ПЖЖ» ЖШС қызметкерлері орташа есеппен 201 060 теңге алады.
«Павлодарэнерго» АҚ ұқсас жағдай қалыптасқан. Кәсіпорында кадрлар жиі ауысады. Себеп - табыстың төмендігі. Жұмыскерлер 287 141 теңгеге ие.
2024 жылы 2 млрд, а 2025 жылы 5 млрд теңгеден астам инвестиция тарту көзделуде. Келесі жылы ЖЭЦ-3-тің 1, 3, 5 қазандықтарын, ал ЖЭЦ-2-де 4, 5 қазандықтарын жөндеу көзделуде. 2025 жылы ЖЭЦ-3-тің №2, 4, 6 қазандықтары, ал ЖЭЦ-2-де 1, 2, 3 қазандықтары жаңартылады. Бұл жұмыстар екі станцияның ескіру деңгейін төмендетеді. Айта кетейік, ЖЭЦ-2 1961 жылы, ал ЖЭЦ-3 1972 жылы іске қосылды.
Облыстық табиғи монополияларды реттеу Комитеті департаментінің басшысы Ибрагим Тангиев аталмыш жобаларды қолдады.
- Ауыстыратын дүние көп, құрал-жабдықтар әбден ескірді, - деді Ибрагим Тангиев. - Тариф аясында көрсетіп тұрғанымыз - қолға алынып жатқан және алдағы уақытта істелуі тиіс жұмыстардың кішкентай бөлігі. Жалақы мәселесі өзекті. Бізде орташа айлық жалақы жоғары да, монополистердің тарифте көрсеткен жалақысы төмен. Бұл ара қатынасты қалыпқа келтіру керек.
Қазіргі жағдайда тарифті көтермеске болмайды. Алайда Ибрагим Тангиев атап айтқандай, тариф бірден шарықтап кетпейді. 1 қыркүйекте жылуға төленетін төлемдер 10-12, ал 1 қаңтардан 15-18 процентке көбейеді.
Фото: автор