Павлодар облысы аудандарының шұғыл байланыс нөмірлері жарияланды
Мамандар боран мен қатты жел жағдайында қауіпсіздік шараларын сақтап, алыс жолға шықпауға кеңес береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңірдегі қолайсыз ауа райына байланысты Шарбақты, Железин, Ақтоғай, Май, Ертіс, Павлодар, Баянауыл, Успен және Тереңкөл аудандарының әкімдіктері тұрғындарды сақ болуға шақырды. Тұрғындарға өздерін және жақындарын қорғау үшін қажетсіз сыртқа шықпау, қозғалысты шектеу ұсынылды.
Егер көмек қажет болса немесе қиын жағдайға тап болсаңыз, келесі байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады:
- 112 – бірыңғай құтқару қызметі;
- 103 – жедел медициналық жәрдем;
- 102 – полиция.
Сонымен қатар аудандарда әкімдіктердің жедел желілері жұмыс істейді:
- Шарбақты ауданы – 8 (71836) 2-16-50;
- Железин ауданы – 8 (777) 644-25-67;
- Ақтоғай ауданы – 8 (71841) 2-14-50;
- Май ауданы – 8 (705) 141-56-80;
- Ертіс ауданы – 8 (771) 475-47-57, 8 (71832) 2-15-99;
- Павлодар ауданы – 8 (705) 634-25-50;
- Баянауыл ауданы – 8 (71840) 9-11-18, 8 (705) 314-19-00, 8 (708) 175-48-58;
- Тереңкөл ауданы – 8 (700) 668-17-28.
- Успен ауданы – 8 (71834) 91-9-37, WhatsApp: 8 (708) 591-91-69;
- Аққулы ауданы – 8 (71839) 2-11-76.
Тұрғындарға жаңартылған ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары мен әкімдіктердің ресми парақшаларынан бақылап отыру ұсынылды.