Павлодар облысы педофилия бойынша сегізінші орында

@Pavlodarnews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің сайтындағы Қазақстанның қылмыс картасын зерттеп көрді.
«Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалар картасы» бөлімінде Павлодар облысы «қызыл» аймақта Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе және Қостанай облыстарынан кейін екінші орында тұр.
Облыста 24 құқық бұзушы анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Мәліметтерге сүйенсек, 1940 жылы туған ең қарт педофил Павлодарда анықталған.
Облыстық соттың мәліметінше, қазірдің өзінде де мұндай қылмыстар аз емес. Ең соңғы педофил осы жылы өмір бойына бас бостандығынан айырылған.
Ал «Зорлау» бөліміндегі жалпы «Құқықтық статистика» бойынша Павлодар облысы Астана қаласынан кейін 18-орында тұр.