Ақтоғай ауданында жол жұмыстары кезінде сүйек сынықтары табылды

Ақтоғай ауданында жол жұмыстары кезінде сүйек сынықтары табылды
Фото: Константин Шелков

Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 14 тамыз күні Жаңаауыл ауылының маңында кюветте жол жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар белгісіз сүйек сынықтарын тауып алған. Оқиға орнына құқық қорғау органдары шақырылып, тексеру жүргізілді.

Қазіргі уақытта қажетті іс-шаралар кешені тағайындалып, орындалуда. Тергеу нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады. Мән-жайлар анықталуда.