Павлодар облысына ауа райына байланысты қосымша пойыздар шығады
Қала маңындағы бағыттар бойынша қосымша пойыздар іске қосылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, ұлттық тасымалдаушы 2 қаңтарға Көкшетау, Бурабай шипажайы, Атбасар, Павлодар бағыттары бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты автокөлік қозғалысына шектеулер енгізілгендіктен, азаматтарды тасымалдау үшін қала маңындағы бағыттармен төрт қосымша пойыз шығарады.
– Биылғы жылдың 2 қаңтарында сағат 11:57-де Павлодардан Астанаға №7509 «Павлодар-Астана» бағытындағы электр пойызы жолға шығады.(376 орын). Электр пойыз Астанаға сағат 14:49-да келеді, – деді баспасөз қызметінде.
Биылғы жылдың 1 қаңтарында сағат 21:00-ден бастап қосымша қала маңындағы пойыздарға билеттерді сату ашылады. Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және билет кассаларында сатып алуға болады.
Жалпы, жаңа жылдық мерекелерге - 2023 жылғы 26 желтоқсаннан 2024 жылғы 5 қаңтарға дейін Ұлттық тасымалдаушы қосымша пойыздар мен тіркеме вагондарды тағайындау есебінен 20 мың қосымша орын ұйымдастырды. Соңғы 2 күн ішінде 4 мыңнан астам жолаушы тасымалданды.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ вокзалдар мен пойыздар да жолаушылар ағынының күрт ұлғаюын ескере отырып, азаматтарға ауа райы жағдайларын елеп, өз сапарларын алдын ала жоспарлауды және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433»тегін нөмірі, «KTZH_PP_BOT» бот жеделхаттары, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы алуға болады.