Павлодар облысында төрт жасөспірім қолдау орталығына орналастырылды
Ювеналды полиция қызметкерлері «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасының бірінші күні рейдтер өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және тұрғын үй-жайлардан тыс жерде жандарында заңды өкілдері болмаған 44 кәмелетке толмаған бала анықталды.
– Түнгі уақытта сағат 23.00-ден кейін облыс орталығында орталық жағалауда 10 кәмелетке толмаған бала заңды өкілдерсіз жалғыз болды. Осыған ұқсас бұзушылықтар Май ауданының Малайсары ауылында, Павлодар ауданының Шақат және Луганск ауылдарында анықталды. Барлық жасөспірімдер полиция бөлімдеріне жеткізіліп, ата-аналары шақырылды, – дейді Павлодар облысы полиция департаменті ювеналды полициясының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина.
Балалардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін ата-аналары жазаланды. Рейдтер барысында өмірлік қиын жағдайға тап болған төрт жасөспірім анықталды. Барлығы балаларды қолдау орталығына орналастырылды. 16 жастағы жасөспірім өмір сүру жағдайы бойынша тұрғылықты жерінде қала алмады, сондықтан оны орталыққа орналастыру туралы шешім қабылданды.
Полиция қызметкерлері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамайтын сегіз ата-ананы анықтап, есепке қойды. Есепте тұрған кәмелетке толмағандар мен тұрмысы нашар отбасылардың тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізілді. Тексеру барысында көршілермен, туыстармен әңгімелер жүргізілді, отбасылардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары туралы актілер толтырылды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды емдеу, жұмысқа орналастыру, анықтау бойынша құқықтық кеңес және түсіндірмелер берілді.
Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 13 ата-ана жауапқа тартылды.