Павлодар облысы тұрғын үйді жалға арзан бағаға беру бойынша ТОП-5-ке енді

Павлодар облысы тұрғын үйді жалға арзан бағаға беру бойынша ТОП-5-ке енді
Фото: Константин Шелков

Соңғы бірнеше жылда елімізде орташа баға 3,5 есеге өскен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2018-2023 жылдар аралығында тұрғын үйді жалға алудың орташа құны бір шаршы метр үшін 1,4 мыңнан 4,9 мың теңгеге дейін өсті.

– Күрт қымбаттау 2022 жылы орын алды, сол кезде елде ресейлік қоныс аударушылардың арқасында сұраныс артқан, – деп түсіндірді Finprom.kz мониторинг агенттігі. – Көрші елдің заматтары көшіп келу  басылғаннан кейін жағдай тұрақталды, бірақ бұрынғы деңгейге қайта оралған жоқ. Бағалар әлі де шаршы метріне төрт мыңнан жоғары.

Жалдамалы тұрғын үй құнының ұлттық көрсеткішін мегаполистердегі қымбат жалдамалы пәтерлер жоғарылатады. Мысалы, Алматыда жалдау бағасы 5,3 мың теңге, Астанада шаршы метрі 4,6 мың теңге.

Көпшілік облыс орталықтарында жалға алу бағасы шаршы метрге үш мың теңгеден аспайды. Пәтер жалдаудың  ең арзаны Тараз, Түркістанда аймақтарында байқалды: шаршы метрі 2,1 мың және 2,4 мың теңге.

Finprom.kz хабарлағандай, Павлодар облысында жалға берілетін тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны орта есеппен 2,5 мың теңгені құрайды, бұл республикалық көрсеткіштен екі есеге төмен. 50 шаршы метр екі бөлмелі пәтер үшін орташа есеппен 124,6 мың теңге төлеу керек.

Ал OLX интернет-жарнама платформасында мұндай пәтердің бағасы 50-350 мың теңге аралығында ұсынылады.

50 мыңға Екібастұзда ұзақ мерзімге екі бөлмелі пәтер ұсынады, ал 60 мың теңгеге Ақсуда тұруға қажеттінің бәрі бар үйді жалға алуға болады.

Облыс орталығындағы ең қымбат пәтер Назарбаев даңғылы бойындағы жаңа ғимаратта жалға беріледі – 350 мың теңге және 200 мың теңге депозит.