Павлодар облысында екінші ауысым оқушылары үшін сабақтар онлайн өтеді

Павлодар облысында екінші ауысым оқушылары үшін сабақтар онлайн өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақтар қашықтықтан ұйымдастырылады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, 10 қаңтарда  қала мектептерінде екінші ауысымдағы мектепалды, 1-9-сынып оқушыларының сабақтары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады. Температура минус 12 градусты көрсетуде, желдің жылдамдығы 10-25 м/с құрайды.

Сондай-ақ Ақсу қаласында да ауа райына байланысты екінші аусым оқушылары үшін сабақтар онлайн форматта өткізіледі. 

Еске сала кетейік, облыста дауылды ескерту жарияланды. Бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с  құрайды. 

11 қаңтарда түнде облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с дейін жетеді.