Павлодар облысы жолдарында патрульдік экипаждардың саны екі есеге артты
Бес күн ішінде қар басқан жолдардан 140 адам құтқарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдардағы полиция қызметкерлері тәулік бойы қызмет атқарады.
– «Қазавтожол» мен полицияның ескертулеріне қарамастан, кейбір жүргізушілер жолға шығып, полицейлер қайғылы салдардың алдын алатын жағдайларға тап болады, – деді департаментте.
Облыста республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарда 13 жылыту пункті жұмыс істейді. Осы күндері жолдардың жабық учаскелерінде жолаушылар автобустарының, жүк және жеңіл автомобильдердің жүргізушілеріне көмек көрсетілді.
Жылыту пункттеріне 132 ересек адам мен жеті бала эвакуацияланды. Қайғылы оқиғалар мен зардап шеккендер тіркелген жоқ. Полицейлер негізінен қатып қалған жанар-жағармайды жылытуға, көлікті жөндеуге, жылыту пункттеріне эвакуациялауға, автокөлікті тіркеп апаруға көмектесті.
Айта кетерлігі, барлық патрульдік экипаждар алғашқы медициналық көмек қобдишаларымен қамтамасыз етілген және барлық полицейлер алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгерген.