Павлодар облысы әкімдігі жобалық кеңсесінің басшысы тағайындалды

Павлодар облысы әкімдігі жобалық кеңсесінің басшысы тағайындалды
Фото: Валерий Бугаев

Бұл қызметке өңірлік кадр резервінің қатысушысы келді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Самал Камитова цифрлық технологиялар басқармасы басшысының орынбасары –  облыс әкімдігінің жобалық кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.

Ол 1993 жылы туған. 2015 жылы Мәскеу қаласындағы «МИСиС» ұлттық технологиялық зерттеу университеті жоғары кәсіби білім берудің федералды мемлекеттік автономды білім беру мекемесін, 2020 жылы «Тұран» университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2015 жылы Павлодар облысы қаржы басқармасының бас маманы болып бастады.

2017 жылдан 2021 жылға дейін Алматы қаласының қаржы басқармасында және мемлекеттік активтер басқармасында жұмыс істеді.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін 2023 жылдың мамырынан бастап Павлодар облысы қаржы басқармасының экономиканың нақты секторын мониторингілеу және қаржыландыру бөлімінің басшысы қызметін атқарды.