Павлодар облысында қылқан жапырақты жас өскіндерді қорғау шаралары күшейтіледі
1 желтоқсаннан бастап құқық қорғау органдарының қатысуымен мобильді топтар жұмысын бастайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ертіс орманы» резерватының мәліметінше, жаңа жыл мерекесі аясында қылқан жапырақты жас өскіндерді қорғауды күшейту шаралары енгізілуде.
– Орман шаруашылығы қызметкерлері жаңа жыл мерекелеріне дайындық кезеңінде қылқан жапырақты ормандарды қорғау мақсатында қылқан жапырақты түрлердің жас өскіндерін қорғау шараларын күшейтеді. 1 желтоқсаннан бастап құқық қорғау органдарының қатысуымен мобильді топтар жұмысын бастайды. Басты міндет – заңсыз ағаш кесудің алдын алу, – дейді резерватта.
Жаңа жылдық шыршаларды тек жоспарлы кесу жұмыстары аясында ғана алуға рұқсат етіледі және олар тек тиісті құжаттармен ғана сатылады. Орманшылар азаматтарды орман ресурстарына қамқорлықпен қарауға және белгіленген ережелерді сақтауға шақырады.