Павлодар облысында қолөнерші шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа алған

Павлодар облысында қолөнерші шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа алған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 122 шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс аумағында көші-қон заңнамасының құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған «Мигрант» бес күндік жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды. 

Павлодар облысы ПД хабарлауынша, аталған іс-шараның қорытындысы бойынша полицейлер 352 азаматты жауапқа тартты, оның ішінде 237 шетелдік, 115 ҚР азаматы.  Тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 122 шетелдік азамат, сондай-ақ оларға жұмыс берген 39 кәсіпкер анықталған.  

– Шетелдік азаматтардың еңбек қызметін жүзеге асыру үшін қажетті шарт – уәкілетті органның рұқсатын алу. Бұл ретте, өңір тұрғыны екі шетелдік азаматты қолөнерші ретінде қызметке алған. Жұмыс беруші мен шетелдіктер де жауапқа тартылды, – деді департаментте. 

Бұдан басқа, елден 14 шетел азаматы шығарылған, сотқа азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шығарып жіберуге бес материал жіберілген. Бұл ретте, іздеуде жүрген бір қылмыскер анықталған.