Баянауылда боранға кептелген көліктер құтқарылды

Баянауылда боранға кептелген көліктер құтқарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көлікте балалар да болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД мәліметінше, Жасыбай көлінің маңындағы «Кристал» демалыс аймағы жанында жеңіл автокөліктің қарлы боран салдарынан қозғала алмай қалғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен Баянауыл аудандық ТЖД қызметкерлері дереу құтқару жұмыстарына кіріскен. 

– Құтқарушылар жолға құм сеуіп, боранға кептеліп қалған екі жеңіл автокөліктің қауіпсіз түрде өтуіне және жолды жалғастыруына мүмкіндік жасады. Нәтижесінде, балаларымен бірге жүрген үш отбасы дер кезінде көмек алып, ешкім зардап шеккен жоқ, – деді департаментте.

Көрсетілген көмек үшін тұрғындар құтқарушыларға алғысын білдірді.

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды демалысқа немесе жолға шығар алдында ауа райы болжамын ескеріп, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.