Павлодар облысында үшінші тоқсанда АӘК алу үшін құжаттар қабылдау басталды

Кедейлік шегінің мөлшері үшінші тоқсанда – 39 096 теңгені құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 1 шілдеден бастап АӘК 3 тоқсанға тағайындауға құжаттарды қабылдау жүзеге асырылады.
АӘК алуға үміткер адамдар тұрғылықты жері бойынша мансап орталықтарға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгіне алады. Сондай-ақ баламалы негізде ЭЦҚ болған кезде үйден шықпай-ақ «Электрондық үкімет порталы» арқылы өтінім беруге мүмкіндік бар.
– Интернетке қолжетімділігі жоқ адамдар үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, мансап орталықтардың, облыстың қалалары мен аудандарының ауылдық округтерінің әкімдіктерінің жанынан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылды, – деді басқармада.
Өтініш берген кезде сәйкестендіру үшін тек жеке куәлікті ұсыну қажет.