Павлодарлықтар онлайн режимде ТҮКШ саласына қатысты сұрақ қоя алады
Облыс орталығында тұтынушыларға арналған онлайн қабылдау өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаменті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізеді.
– Онда әрбір тұрғын коммуналдық саланың проблемалық мәселелерін шешу жолдары мен түсіндірмелерін ала алады. Павлодар облысының тұрғындары мен басқа да мүдделі тұлғалардың белсенді қатысуын сұраймыз, – делінген хабарламада.
Қоғамдық қабылдау онлайн режимінде 9 қаңтарда сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін тікелей эфирде департаменттің Facebook-тегі ресми парақшасында өтеді.
Толығырақ ақпаратты 8(7182)78-71-02 телефоны арқылы алуға болады.