Павлодар облысында 20 мың тоннаға жуық астық заңсыз суарылған алқаптардан жиналған

Павлодар облысында 20 мың тоннаға жуық астық заңсыз суарылған алқаптардан жиналған
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосурет

Шаруалар алқаптарды рұқсатсыз суарған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қаласының прокуратурасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің су ресурстарын пайдалану барысында заң талаптарын сақтамағанын анықтады.

Кейбір шаруа қожалықтары арнайы су пайдалануға рұқсат алмай, егістік алқаптарын суару үшін сорғылар мен тамшылатып суару жүйелерін пайдаланған. Осы әдіспен жалпы көлемі екі мың гектардан асатын жерге су берілген.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, аталған алқаптардан 20 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналған.

– Қадағалау актісін қарау қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктер түзетілді. Бюджетке су ресурстарын пайдаланғаны үшін сегіз миллион теңгеден астам қосымша төлем есептелді, – деп хабарлады прокуратура.

Сонымен қатар, төрт ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші арнайы су пайдалануға арналған шарттарды рәсімдеп, қажетті рұқсат құжаттарын алды. Су есептегіш құралдары да жаңартылды. Бұл пайдаланылған судың нақты көлемін бақылауға мүмкіндік береді.