Көшеге кәріз салу, етті қой өсіру: Павлодар облысы әкімінің қабылдауында көтерілген мәселелер
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов азаматтарды жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы аймақ басшысы өзінің Instagram парақшасында жариялады. Асайын Байханов азаматтар көтерген бірнешеуіне мысал келтірді.
- Павлодар тұрғыны өзі тұратын Желтоқсан көшесіне кәріз желісін салуды сұрады. Салынады және тек ол көшеде ғана емес. Өткен жылы Зеленстрой және Горторг шағын аудандарында кәріз желілерінің құрылысы басталды. Биыл осы жобаларды және Екінші Павлодардағы кәріз желілері бойынша да жұмыстарды жалғастырамыз, - деп жазды Асайын Байханов.
Облыс әкімі Желтоқсан-Достоевский-М. Жүсіп-Пионерский көшелерінің шекарасында кәріз желілерін салуға 59,7 млн теңге бөлініп, мердігер анықталғанын айтты. Бюджет нақтыланғаннан кейін Ломов көшесінен П. Васильев көшесіне дейінгі екінші кезең басталады.
- Жергілікті жоғары оқу орындарының бірінің ғалымы жылдам өсетін етті қой шаруашылығын дамыту жобасымен келді. Облыстың бірнеше фермерлері осы салада алғашқы қадамдарын жасауда және ғылыми сүйемелдеу оларға зиянын тигізбейді. Ауыл шаруашылығы басқармасына мүдделі тараптардың кездесуін ұйымдастыруды тапсырдым, - деді Асайын Байханов.
Жеке қабылдау барысында көтерілген және басқа байланыс арналары арқылы келіп түскен барлық мәселелер жұмысқа және бақылауға алынады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram