Павлодар облысында ақпанның алғашқы аптасында ауа райы құбылмалы болады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 3 ақпанда облыстың оңтүстігі мен шығысында қар жауып, баяу бұрқасын күтіледі. Түнде сынап бағанасы -15…-20°С, солтүстікте -23°С-қа дейін төмендейді, күндіз -12…-17°С-ты көрсетеді.
4 ақпанға қараған түні оңтүстік және шығыс аудандарда аздаған қар жауып, баяу бұрқасын болады. Солтүстік пен шығыста тұман түседі. Түнде ауа температурасы -18…-23°С, солтүстік және шығыста -27°С-қа дейін суытады. Күндіз -10…-15°С, солтүстікте -18°С болады.
5 ақпанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік пен шығыста тұман сақталады. Сынап бағанасы түнде -10…-15°С, солтүстікте -18°С, күндіз -5…-10°С-ты көрсетеді.
6 ақпанда облыс бойынша қар жауып, боран соғады. Солтүстік, оңтүстік және шығыста қалың қар жауады, кей жерлерде тұман болады. Түнде -10…-15°С, шығыста -18°С, күндіз -3…-8°С, оңтүстікте 0°С-қа дейін жылынады.
7 ақпанда қар жауып, боран соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз -7…-12°С, оңтүстікте -2°С шамасында.
8 ақпанға қараған түні облыстың шығысында қар жауып, боран байқалады. Түнгі температура -18…-23°С, күндіз -8…-13°С-қа дейін төмендейді.