Павлодар облысында адам қағып өлтірген жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен
Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды @Pavloarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қыркүйекте сағат 19:30 шамасында Атамекен кенті жанында жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама түскен. Медициналық бригада келген бойда дәрігерлер 50-60 жастағы ер адамның қайтыс болғанын тіркеді.
Облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасынан жасырынып, қашып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жүргізушіні жауапкершілікке тарту үшін жеке басын анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.