3 қазанда Павлодарда күн ашық болады
Түнде ауа температурасы +5…+7 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» мекемесінің мәліметінше, өңірде бұлтты ауа райы сақталады, бірақ жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр болады.
Күндіз ауа температурасы +21…+23 градусқа дейін көтеріледі.