Павлодарда кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Үш ауданның тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 7 қыркүйекте Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысы) мекенжайында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі.
Жәрмеңкеге Успен, Тереңкөл, Аққулы аудандарының тауар өндірушілері қатысады.
Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Ауыл базары», сондай-ақ облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады.