Павлодар облысында алғашқы қоңырау қашан соғылады

Биыл 1 қыркүйек дүйсенбі күніне түсіп отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы мен ауылдық округтердегі білім беру ұйымдарында 2025–2026 оқу жылының басталуына арналған іс-шаралар келесідей ұйымдастырылады: 1 қыркүйек күні сағат 10:00-де 1 және 10-11-сынып оқушылары үшін «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны. 2 қыркүйек күні 2-9 сыныптарға білім күніне арналған сынып сағаттары мен кесте бойынша сабақтар өткізіледі.