Павлодар облысында алдағы аптада тұман түседі

Павлодар облысында алдағы аптада тұман түседі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

7–13 ақпан аралығында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидромет РМК-ның мәліметінше, 10 ақпанда облыс бойынша жаңбыр мен қар жауып, боран және көктайғақ пен тұман күтіледі. Түнде және күндіз ауа температурасы  -3…+2 °С, шығыста -6°С болады. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге, кей жерлерде екпіні 23-28 метрге дейін күшейеді.   

11 ақпанда жауын-шашын жалғасады, батыс пен солтүстікте кей жерлерде қар аралас жаңбыр күтіледі. Түнде және күндіз сынап бағанасы -5…-10°С-ты көрсетеді.

12 ақпанда түнде облыстың солтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғады. Тұман күтіледі. Түнгі температура -15…-20°С, батыста -23°С, күндіз -13…-18 °С-қа дейін төмендейді . Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге, кей жерлерде 15-20 метрге дейін жетеді.

13 ақпанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік, оңтүстік және шығыста тұман түседі. Түнде -20…-25, шығыста -28°С-қа дейін суытады, күндіз -10…-15°С, шығыста -18 °С болмақ.