Павлодар облысында алдағы күндері тұман мен көктайғақ күтіледі
Облыс аумағында 16-20 наурыз аралығында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Синоптиктердің болжамынша, кей күндері тұман түсіп, жауын-шашын мен көктайғақ болуы мүмкін.
16 наурызда облыс аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда өңірдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы -12…-17°С, облыстың шығысында -20°С-қа дейін төмендейді. Күндіз -2…-7°С, шығыста -10°С шамасында болады. Жел солтүстік-батыс, батыс бағытында секундына 9-14 метрге дейін соғады.
17 наурызда да айтарлықтай жауын-шашын күтілмейді. Кей жерлерде тұман сақталады. Түнде -12…-17°С, шығысында -20°С, күндіз -3…+2°С шамасында болады.
Сәрсенбі күні күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр) болжанып отыр. Сондай-ақ көктайғақ болуы мүмкін. Өңірдің батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнгі температура –3…–8°С, шығыста –11°С-қа дейін төмендейді. Күндіз –3…+2°С.
19-20 наурыз күндері облыстың солтүстігі мен шығысында түнде қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал. Күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) болжанады. Ал батыс, солтүстік және оңтүстік бөліктерінде тұман сақталады. Түнде ауа температурасы -3…-8°С, шығыста -11°С, күндіз 0…+5°С-қа дейін жылынады.
Жел осы күндері солтүстік-батыс және батыс бағытында соғып, жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді.