Павлодар облысында алдағы күндері жаңбыр, жел және жылы күндер алмасады
Қазгидромет РМК Павлодар облыстық филиалының мәліметінше, алдағы онкүндікте өңірде ауа райы құбылмалы сипатта болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
21-22 сәуір күндері облыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде ауа температурасы +3…+9°С аралығында, күндіз +20…+26°С дейін көтеріледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 7-14 м/с жылдамдықпен соғады.
23 сәуірде ауа райы күрт құбылады: жаңбыр жауып, күндіз найзағай мен бұршақ күтіледі. Түнде +5…+10°С, күндіз +17…+22°С. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
24 сәуір күні жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +2…+7°С, күндіз +17…+22°С. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с.
25-26 сәуір күндері облыстың көп бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде +5…+10°С, күндіз +20…+25°С. Жел солтүстік-батыс және батыс бағыттардан 9-20 м/с, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.
27-30 сәуір аралығында ауа райы тұрақталып, жауын-шашынсыз болады. Түнде +3…+10°С, күндіз +18…+25°С аралығында. Жел негізінен солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс бағыттардан 9-14 м/с соғады.