Павлодар облысында алты жылқы жол-көлік оқиғасының себепкері болды
Үш көліктің жүргізушісі зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана – Павлодар тас жолының 18-шақырымында «Лада Ларгус» маркалы көлігінің жүргізушісі алты жылқыны қағып кетті. Кейіннен «Ауди» мен «Нексия» көліктері жолда жатқан өлекселерге соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізушілер зардап шекпеді. Полиция иесіз жайылып жүрген жылқылардың иесін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде. Иесі анықталғаннан кейін жауапқа тартылатын болады.