Павлодар облысында аптаның соңына дейін жаңбырлы болады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 20 және 21 тамызда сынап бағанасы түнде +10...+15°С, ал күндіз +18...+23°С-ты көрсетеді. Жаңбыр мен бұршақ жауады деп күтілуде.
22 тамызда жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +10...+15°С, ал күндіз +22...+27°С ыстық болады деп болжануда.
23 тамызда жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +13...+18°С, ал күндіз +22...+27°С, ал облыстың оңтүстігінде +30 ыстық болады.
Сенбіде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +13...+18°С, ал күндіз +22...+27°С болады.
Жексенбіде жауын-шашын күтілмейді. Сынап бағанасы түнде +10...+15°С, ал күндіз +22...+27°С ыстық болады.