Қайтыс болған ақсулық кран машинісінің ісі полицияға тапсырылды
Ақсу ферроқорытпа зауытта болған апат бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
24 мамырда Ақсу ферроқорытпа зауытында №3 және №4 металлургиялық өндірістік крандардың машинистері термиялық күйік алды. Олардың біреуі денесінің 80 пайызын күйік шалып, санитарлық авиациямен Павлодардың №1 қалалық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің қанша тырысқанына қарамастан, 25 жастағы әйел көз жұмды. Оң қолын күйдіріп алған екінші әйел амбулаторлық емдеуге жіберілді.
– Оған себеп – жұмыстың қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылуы. Траверсті толықтай ілмеген, сол себептен балқыма шығарылуы жұмысшылардың кабиналарына кірді, - деп түсіндірді еңбек басқармасы.
Еңбек ведомствасы құрылыс жұмыстарына дұрыс бақылау жүргізмегені үшін кәсіпорынды кінәлады. Тергеу қорытындысы полицияға тапсырылды.
Екі жұмысшының Ақсу ферроқорытпа зауытында бес жылдан астам жұмыс істегені белгілі.