Павлодар облысында «Ауыл аманаты» бойынша 200-ге жуық жоба қаржыландырылады

Жобаларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен екі миллиард теңге бөлінеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Осы жылдан бастап несиелеу ережесі өзгерді. Енді жобаларды қабылдау да кооперативтерге ерекше басымдық беріледі. «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асыру барысымен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Қаленов бөлісті.
– «AMANAT» партиясы облыс әкімдігі және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалымен бірлесе отырып, аудан және ауылдық округ әкімдеріне арнайы оқыту семинарларын ұйымдастырды, – деді ол.
2025 жылы республикалық қаражаттың көмегімен 193 жоба қаржыландыруды көздеп отыр.
– Бөлінген ақша аясында осы жылы 57 жаңа кооперативтер мен 170 жаңа жұмыс орның ашамыз. Республика бюджетінен Павлодарға үшінші жыл қатар ақша бөлініп жатыр, – деді Әлібек Қаленов.
Айта кетейік, былтырғы жылы жоба аясында өңірімізге екі жарым миллиард теңге қаражат бөлінді. 2025 жылы екі миллиард теңге бөлінеді. Қаражат тамыз-қыркүйек айында түседі деп күтіліп отыр.