Павлодарда АӘК тағайындауға құжаттарды қабылдау басталды
1 қаңтардан бастап өтініштерді қабылдау мансап орталығында жүзеге асырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мәлім етті.
АӘК тағайындауға өтінімді мынадай тәсілдермен беруге болады:
- Павлодар қаласының мансап орталығында;
- Egov.kz порталы арқылы;
- проактив арқылы (SMS 1414-ке жауап беру)
Тұрғындардың өздерімен бірге ЭЦҚ болуы қажет.
2024 жылдың 1 тоқсанына кедейлік шегі 33 557 теңгені құрады.
2023 жылы 7768 адам АӘК алды.