Ақсуда заңсыз сатылған алкоголь жойылды
Дүкен иесі түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сату туралы талаптарды бұзған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәркіленген өнімдер қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында ауыр техниканың көмегімен сындыру арқылы жойылды.
– Ақсу қаласының сот қаулысы бойынша құқық қорғаушылар сыйымдылығы әртүрлі 1186 бөтелке мен банкадағы алкоголь өнімін тәркіледі. Мұндай бұзушылық үшін дүкен иесі үш рет жауапқа тартылып, лицензиясы тоқтатылған және айыппұл салынған, – дейді Ақсу қаласы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Қайрат Жұмағұлов.
Осыған қарамастан, тыйым салынған уақытта алкогольді сатуды жалғастырған.
Дүкен иесі Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісін және айналымын, мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бірнеше рет бұзғаны үшін лицензиядан айырылды.