Павлодар облысында ауыл шаруашылығы санағын өткізеді
Бұл – пилоттық жоба, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ауыл шаруашылығы санағы ауыл шаруашылығы секторы бойынша құрылымдық және негізгі статистикалық мәліметтерді жинауда үлкен рөл атқарады және жиналған статистиклық мәліметтер халықаралық деңгейде салыстыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
Санақ нәтижесінде егістік жерлердің құрылымы мен жағдайы, мал басы, техниканың, элеваторлар мен астық қоймаларының саны және тағы басқада ақпараттар алынады.
2025 жылы елімізде кезекті ауыл шаруашылығы санағын өткізу жоспарлануда:
- ауыл шаруашылығының жағдайы мен құрылымы, оның ресурстық әлеуетінің болуы және пайдаланылуы туралы ақпарат алу;
- әсіресе кенттер, ауылдар, ауылдық округтер бойынша ауыл шаруашылығы құрылымының толық сипаттамасын алу;
- басқа елдерден, бірінші кезекте Еуразиялық экономикалық одақ бойынша серіктес елдерден санақ деректерімен салыстырылатын деректерді алуға мүмкіндік береді;
- іріктемелі ауыл шаруашылығы зерттеулерін жүргізу үшін жалпы іріктеуді жаңарту;
- ауыл шаруашылығы бойынша статистикалық мәліметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау үшін қажетті қосымша мәліметтер алуға болады.
Пилоттық жобаға Ақсу қаласы, Баянауыл ауданының Бірлік ауылы, Ертіс ауданының Қарақұдық ауылы енгізілді.
Пилоттық санақ барысында жер және егіс алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың саны, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, мал шаруашылығы кешендері мен құс фабрикалары, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды ұстауға арналған өндірістік ғимараттар мен үй-жайлар, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған құрылыстар мен құрылысжайлар есепке алынады.