Павлодар облысында ауылшаруашылық жәрмеңкесіне үш аудан тауар өндірушілері келеді
Олар өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 10 тамызда Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысы) ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.
Жәрмеңкеге Успен, Тереңкөл, Ақкулы аудандарының тауар өндірушілері қатысады.
Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Ауыл базары», сондай-ақ, облыстың 10 аудандарында ұйымдастырылады.